Тоқаев Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасына көңіл айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде болған қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты.
Мемлекет басшысы қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстарына қайғыра көңіл білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтік комиссияға оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.
Сондай-ақ Президент қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына көмек көрсетуді жүктеді.