Бүгін, 25 қыркүйек, Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні.

Маңғыстау облысында, қызметтік міндеттерін атқару кезінде, әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты елде жалпыұлттық аза тұту жарияланды.

Тиісті шешім Мемлекет басшысының өкімімен қабылданды.

Қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстан халқы қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасады.