Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер саны 12-ге жетті
Маңғыстау облысында Каспий теңізі жағалауында өткен әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер саны 12-ге жетті. Бұл туралы аймақ әкімдігі мәлімдеді.
Әкімдіктің Telegram-арнасында нақтыланған мәлімет жарияланды.
– Нақтыланған мәліметке сәйкес, оқу-жаттығу-жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде ауа райының күрт нашарлап, желдің күшеюіне байланысты 17 адам суға кеткен. Оның 12-сі қаза тауып, үш әскери қызметші құтқарылды. Қалған екі әскери қызметшіні іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Төтенше оқиға болған жерде Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев бастаған Үкіметтік комиссия жұмысын жалғастырып жатыр.
Қазіргі уақытта жұмылдырылған мемлекеттік органдардың іс-қимылы мен іздестіру-құтқару жұмыстары үйлестірілуде.
Негізгі міндет – орналасқан жері анықталмаған екі әскери қызметшіні табу.
Қанат Бозымбаев әлі табылмаған әскери қызметшілерді іздестіруді қажетті барлық күштер мен құралдарды тарта отырып, тәулік бойы үздіксіз жүргізуді тапсырды.
Сондай-ақ қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына қажетті материалдық және өзге де көмек көрсету тапсырылды.