Түркістанда кітап талқылайтын жаңа әдеби алаң жұмысын бастады
Фото: akorda.kz
Түркістанда Мемлекет басшысының «Кітап оқитын ұлт» бастамасын қолдау мақсатында жаңа әдеби алаңда «Бірге оқимыз, бірге ойлаймыз!» атты кездесу өтті.
Іс-шараға шығармашылық зиялы қауым өкілдері, жазушылар, журналистер, жастар және кітапсүйер азаматтар қатысты.
Алғашқы жиында қазақтың белгілі жазушысы, драматург Оралхан Бөкейдің «Атау кере» романы талқыланды.

Фото: akorda.kz
Қатысушылар шығарманың негізгі идеясы, кейіпкерлер тағдыры, рухани құндылықтар және қоғамдағы өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Сондай-ақ романның көркемдік ерекшелігі мен қаламгердің шығармашылығы кеңінен сөз болды.

Фото: akorda.kz
Кездесуде жастардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, сыни ойлау қабілетін дамыту және әдеби шығармаларды талқылау мәдениетін қалыптастырудың маңызы айтылды.
Алдағы уақытта әдеби алаңда қазақ және әлем әдебиетінің көрнекті туындыларын талқылауға арналған кездесулер тұрақты түрде өткізіледі деп жоспарланып отыр.
Іс-шараны Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырды.