Астанада судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында құтқарушылар күн сайын қаладағы су айдындарында профилактикалық рейдтер өткізіп жатыр.

Рейд барысында демалушыларға судағы қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, арнайы ақпараттық жадынамалар таратылады. Оған қоса, азаматтарға су айдындарындағы қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 364 және 412-баптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделгені ескертіледі.

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарын судағы қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтауға, тек арнайы жабдықталған әрі рұқсат етілген орындарда ғана шомылуға, балаларды қараусыз қалдырмауға және шомылуға тыйым салынған жерлерге суға түспеуге шақырды.