Елордада балалардың терезеден құлауының алдын алу мақсатында құтқарушылар полиция қызметкерлері және еріктілермен бірлесе отырып, тұрақты түрде профилактикалық жұмыс жүргізіп келеді.

Жыл басынан бері қала аумағында 250-ден аса профилактикалық рейд ұйымдастырылып, оның барысында тұрғындарға 4 500-ден астам ақпараттық жадынама таратылды.

Бұған қоса, әлеуметтік осал санаттағы отбасыларға, көпбалалы жанұяларға және кішкентай балалары бар отбасыларға 1 400-ден астам терезе қауіпсіздік бекіткіші тегін орнатылды.

Профилактикалық шаралар барысында құтқарушылар ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмаудың, москит торына сенбеудің, терезелерге арнайы қорғаныс құрылғыларын орнатудың және терезе маңына жиһаз қоймаудың маңызын түсіндіреді.

Мамандар балалардың қауіпсіздігі – әрбір ата-ананың жауапкершілігінде екенін кезекті рет ескертеді.