Astana Half Marathon: әлемнің 30-дан астам елінен желаяқтар қатысады
Фото: Gov.kz
Астанада 7 маусым күні Astana Half Marathon жартылай марафоны бесінші рет, мерейтойлық форматта өтеді. Бұл жарысты «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры ұйымдастырады. Биыл әлемнің 30-дан астам елінен шамамен 7000 желаяқ қатысады.

Фото: Gov.kz
Жартылай марафонға almaty-marathon.kz сайты арқылы тіркелуге болады. Жарыс мәресі «Қазақ елі» монументі жанындағы Тәуелсіздік алаңынан басталады, ал маршрут елорданың негізгі урбанистикалық нысандары мен көрікті жерлерін қамтиды. Іс-шараға қатысуға желаяқтар, жанкүйерлер және старт қалашығы қонағы ретінде кез келген адам шақырылады.
Жарыс төрт қашықтық бойынша өтеді: 21,1 км, 10 км, 10 км скандинавиялық жүріс және «Экиден» командалық эстафетасы. Қатысуға кәсіби спортшылар мен әр түрлі жастағы әуесқой желаяқтар шақырылады. Белгіленген уақыт ішінде қашықтықты толық аяқтаған барлық қатысушыға арнайы мәре медалі табысталады.
Сонымен қатар, Astana Half Marathon аясында Қазақстан Республикасы Жеңіл атлетика федерациясымен бірлесіп, 21,1 шақырым қашықтық бойынша Қазақстан чемпионаты өткізіледі. Жарыс жолына еліміздің үздік жеңіл атлеттері шығады, ал көрсеткіш ресми есепке енгізіледі.
Жартылай марафон әлемнің 120 еліндегі 449-дан астам марафон мен ұзақ қашықтыққа жүгіру жарыстарын біріктіретін Халықаралық марафондар және ұзақ қашықтыққа жүгіру жарыстары қауымдастығына (AIMS) кіреді. Сонымен қатар, маршрут World Athletics халықаралық сертификатына ие.
Astana Half Marathon Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты дамытуға арналған 2026-2028 жылдарға арналған жол картасына енгізілген.
Іс-шара бағдарламасы:
- 05:00 – старт-мәре қалашығының ашылуы;
- 05:30 – дене қыздыру жаттығулары;
- 05:45 – 21,1 км қашықтыққа қатысушылар, элиталық спортшылар және «Экиден» эстафетасының қатысушыларын сапқа тұрғызу;
- 06:00 – 21,1 км қашықтықтың, элиталық жарыстың және «Экиден» эстафетасының басталуы;
- 06:20 – дене қыздыру жаттығулары;
- 06:35 – 10 км қашықтыққа және скандинавиялық жүріске қатысушыларды сапқа тұрғызу;
- 06:50 – 10 км қашықтық пен скандинавиялық жүрістің басталуы;
- 08:50 – марапаттау рәсімі;
- 10:00 – мәре аймағының жабылуы;
- 11:00 – іс-шараның ресми жабылуы.

Фото: Gov.kz
Astana Half Marathon елорда әкімдігінің қолдауымен өтеді. Іс-шараны ұйымдастырушы 2012 жылдан бері Қазақстанда бұқаралық спортты дамыту бағытында жұмыс істеп келеді және жыл сайын 10-ға дейін спорттық іс-шара өткізеді.