Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек биыл салынатын жолдар туралы Instagram парақшасында мәлімет берді. Қаланың көлік инфрақұрылымын жақсарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде: жыл сайын автобус паркі жаңартылып, жолдар жөнделіп, жаңа жолдар мен жолайрықтар салынып, LRT іске қосылды.

Фото: Gov.kz

Биыл жалпы ұзындығы 60 шақырымға жететін 50-ге тарта көшеге жөндеу жүргізіледі. Сонымен қатар, бірнеше жол-көлік инфрақұрылымы салынып жатыр. Мәселен, «Тілендиев даңғылы мен Бейсекова көшесінің қиылысында екі деңгейлі көлік айрығын салу» жобасы бойынша инженерлік желілер тарту жұмысы 90%-ға аяқталған. Монтаждау жұмыстарының барлық 8 кезеңі жүзеге асырылып, аралық құрылыстың дайындығы 95%-ды құрайды. Жол төсемін салу және аумақты абаттандыру жұмыстары да жүргізіліп жатыр. 2026 жылы аралық құрылымдарды монтаждау аяқталып, негізгі жүру бөліктері мен съездерге асфальтбетон төселеді.

Фото: Gov.kz

Тәуелсіздік даңғылының Қабанбай батыр даңғылынан Ұлы Дала даңғылына дейінгі бөлігінде сегіз жолақты магистраль салынып жатыр. Бұл көше Мәңгілік Ел және Тұран даңғылдарындағы көлік ағынын жеңілдетуге бағытталған. Қазіргі уақытта 1-кезеңде Қабанбай батыр даңғылынан Е485 көшесіне дейінгі бөлік салынуда. Инженерлік желілер, соның ішінде су, кәріз, электр және жылу жүйелері тартылып жатыр.

Төле би көшесінің Р. Бағланова көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі бөлігінде негізгі жүру бөлігіне асфальтбетонның төменгі қабаты төселді, жиектастар орнатылды, тротуарларды салу жұмыстары ішінара жүргізілді.

Орташа жөндеу жұмыстары төмендегі көшелерде жүріп жатыр:

  • Кенесары көшесі Ә. Сембинов көшесінен М. Ғабдуллин көшесіне дейін;
  • Абай даңғылы Ә. Сембинов көшесінен Ш. Уәлиханов көшесіне дейін;
  • Тілендиев даңғылы Қарталы көшесінен Баршын көшесіне дейін;
  • С. Мұқанов көшесі Баршын көшесінен айналма жолға дейін;
  • Керей Жәнібек хандар көшесі Ә. Бөкейхан көшесінен Шерхан Мұртаза көшесіне дейін;
  • А. Байтұрсынұлы көшесі А-52 көшесінен С. Шаймерденов көшесіне дейін;
  • М. Тынышбаев көшесі А. Байтұрсынұлы көшесінен Ж. Нәжімеденов көшесіне дейін және тағы басқа көшелер.

Фото: Gov.kz

Фото: Gov.kz

Фото: Gov.kz