Жас құтқарушылар: елордалық медицина қызметкерлері балаларды алғашқы көмек көрсетуге үйретті
Фото: Gov.kz
Астанада «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» базасында Балаларды қорғау күніне орай балаларға арналған экскурсия және төтенше жағдайларда әрекет ету бойынша шеберлік сабағы ұйымдастырылды.

Фото: Gov.kz
Балалар жедел медициналық жәрдем қызметінің жұмысымен танысып, станция бойынша экскурсияға қатысты. Сонымен қатар, олар практикалық шеберлік сабақтарына қатысып, алғашқы көмек көрсету дағдыларын меңгерді.
Станция мамандары қатысушыларға төтенше жағдайларда өзін-өзі ұстау ережелерін, «жедел жәрдем» шақыру алгоритмін және дәрігерге дейінгі алғашқы көмектің негізгі қадамдарын түсіндірді.