Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путинге екі елдің сауда-экономикалық жобалары таныстырылды
Фото: akorda.kz
Қазақстан мен Ресей президенттеріне өнеркәсіп кооперациясы саласындағы бірлескен жобалар көрсетілді.
Қазіргі таңда елімізде 3,5 мың бірлескен кәсіпорын және ресейлік капиталы бар 17 мыңнан астам компания жұмыс істейді. Қазақстан мен Ресей өнеркәсіп кооперациясының портфелі жалпы құны 52,7 миллиард доллар болатын 177 бірлескен жобадан тұрады. Бұл жобалар арқылы 60 мыңнан астам жұмыс орны ашылмақ.
Жобалар металлургия, мұнай-химия және машина жасау салаларында табысты жүзеге асырылуда. Мысалы, Павлодар облысында теміржол саласындағы бағыттама бұрмаларын және тұтас илектелген дөңгелектер өндіруге арналған кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Ең ірі жобалардың бірі – Атырау облысындағы полипропилен өндірісі. Қарағанды облысында бірлескен шина зауыты іске қосылып, Қостанай облысында шойын құймаларынан жүк көліктерінің бөлшектерін шығару жобасы жүзеге асырылды.
Қазіргі уақытта химия өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру және шикізат өңдеуді дамыту бағытында жалпы сомасы 10 миллиард долларды құрайтын 24 жоба жүзеге асырылуда. Бұл өндірістерді іске қосу жаңадан 11 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz