Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жаһандық өзгерістер институтының атқарушы төрағасы Тони Блэрмен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды реформаларды іске асыру мәселелері, сондай-ақ елді саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан жаңғыртудың негізгі бағыттары талқыланды.

Президент мемлекеттік институттарды одан әрі дамыту, басқару тиімділігін арттыру және халықтың тұрмыс сапасын жақсарту бағытында қолға алынған қазіргі өзгерістер туралы айтты.

Фото: akorda.kz