Ақмола облысындағы жол апатынан бес адам көз жұмды
Ақмола облысында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан бес адам қаза тауып, тағы бес адам жарақат алды. Қазір оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, апат 21 маусымда «Астана – Қорғалжын» автожолында болған. Жол апатына Kia, Toyota Fortuner және Toyota Land Cruiser көліктері қатысқан.
Ведомствоның алдын ала дерегіне сәйкес, соқтығыс салдарынан Toyota маркалы екі көлік өртеніп кеткен.
Апат салдарынан Toyota маркалы екі көлік өртеніп кетті. Алдын ала деректер бойынша, апаттан бес адам қаза тапқан. Тағы бес адам жарақат алып, медициналық мекемелерге жеткізілді.
Аймақтың Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жарақат алғандардың Астанаға жіберілгенін хабарлады.
Қазіргі уақытта полиция жол апатының барлық мән-жайын анықтап жатыр.