Тоқаев Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады.
Кездесу барысында Президент министрліктің негізгі міндеттерін айқындап, Қазақстанның ұлттық мүдделерін дәйекті түрде ілгерілетуді тапсырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев теңгерімді сыртқы саясатты нығайтуға және экономикалық дипломатияны дамытуға ерекше назар аудару қажет екенін атап өтті.
Сонымен қатар кездесуде көпжақты ынтымақтастықты жандандыру мәселесі қаралды. Мемлекет басшысы шетелдегі Қазақстан азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыруды тапсырды.
Бұдан бөлек, Президенттің қатысуымен өтетін алдағы халықаралық іс-шаралардың кестесі талқыланды.