Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық орыс тілі ұйымының бас хатшысы Наталья Бочаровамен кездесті.

Мемлекет басшысы Ұйымның гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталған заманауи, беделді әрі тиімді құрылым ретінде қалыптасуы өзекті екенін атап өтті.

Кездесу барысында білім, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықтың алдағы мүмкіндіктері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев бірлескен жобаларды жүзеге асыру кезінде Ұйымға мүше барлық елдің мүддесіне тең қараудың маңызына назар аударды.

Президенттің пікірінше, тіл саясиландыратын мәселе емес, керісінше адамдарды біріктіруге және өзара түсіністікті нығайтуға қызмет етуі керек.

Наталья Бочарова Ұйым қызметіне қолдау көрсеткені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, алдағы даму жоспары туралы мәлімет берді.

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz