Степногорскіде әйел пышақпен сатушыға шабуыл жасады
Фото: step_notsleep парақшасынан скриншот
Степногорск қаласындағы дүкендердің бірінде сатып алушы пышақпен сатушыға шабуыл жасады.
Оқиға «Қазақстан» сауда үйінде болды, ол сәті видеоға түсіп, әлеуметтік желілерде тарады.
Полиция департаменті бұл деректі растады.
«Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталып, медициналық мекемеге орналастырылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады», — деп хабарлады Ақмола облысының ПД баспасөз қызметі.