Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді, сондай-ақ Иордания халқын ел тәуелсіздігінің 80 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Мемлекет басшысы, былтырғы сапарлар мен жоғары деңгейде өткен келіссөздердің екіжақты ынтымақтастыққа тың серпін бергенін атап өтті.

«Дәстүрлі достық пен құрметке негізделген серіктестік қос елдің игілігі жолында қарқынды дамитынына сенім білдіремін», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Король II Абдалла бен әл-Хусейнге жауапты мемлекеттік қызметінде табыс, ал бауырлас Иордания халқына құт-береке тіледі.