Құрылтай-2026: Сайлаушылардың 72,15 пайызы дауыс берді
Құрылтай депутаттары сайлауында дауыс берушілер тізіміне енгізілген 9 млн-нан астам сайлаушы дауыс берді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавкат Өтемісов айтты.
Оның мәліметінше, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, сағат 18:00–дегі жағдай бойынша өңірлерде сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы мынадай:
1. Астана қаласы бойынша — 49,87%.
2. Абай облысы бойынша — 77,54%.
3. Ақмола облысы бойынша — 78,95%.
4. Ақтөбе облысы бойынша — 84,95%.
5. Алматы облысы бойынша — 70,04%.
6. Атырау облысы бойынша — 69,05%.
7. Батыс Қазақстан облысы бойынша — 71,15%.
8. Жамбыл облысы бойынша — 83,99%.
9. Жетісу облысы бойынша — 89,69%.
10. Қарағанды облысы бойынша — 74,78%.
11. Қостанай облысы бойынша — 75,31%.
12. Қызылорда облысы бойынша — 88,09%.
13. Маңғыстау облысы бойынша — 70,61%.
14. Павлодар облысы бойынша — 69,99%.
15. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша — 75,14%.
16. Түркістан облысы бойынша — 90,17%.
17. Ұлытау облысы бойынша — 68,23%.
18. Шығыс Қазақстан облысы бойынша — 85,43%.
19. Алматы қаласы бойынша — 41,06%.
20. Шымкент қаласы бойынша — 71,89%.
— Жалпы, еліміз бойынша сағат 18:00–де 9 095 298 сайлаушы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 72,15 пайызын құрайды. Сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы келесі ақпарат сағат 20:00–де беріледі, — деді ол.
Елімізде тарихи Құрылтай сайлауында 145 депутаттық мандатқа «Әділет», ЖСДП, «Байтақ», ҚХП, «Ауыл» партиясы, «Ақ жол» және Respublica — барлығы 7 партиядан 545 кандидат тіркелген.