Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Фото Akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келетін болды — деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.
Хабарламада атап өтілгендей:
«Мемлекеттер басшылары келіссөз барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастардың қазіргі жай-күйін, сондай-ақ оны нығайту перспективаларын талқылайды».
Сапар аясында, 28 мамырда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер басшыларының қатысуымен Еуразиялық экономикалық форум өтеді.
29 мамырда Жоғары Еуразиялық кеңестің отырысы ұйымдастырылады.
Дереккөзі: Kazinform