Ресейдің Украинаны толық басып алуынан кейін Путиннің шабуылдары Ресейдің шегіне қоймағандығын көрсетіп отыр. Бұл туралы The New York Times басылымы хабарлады.

Ресей басшысы әуе шабуылдарын күшейте отырып, соғысты өзі аяқтамақ. Алайда дау нақты қай елдің тарапына шешілетіні әлі де белгісіз.

7 қыркүйекте Ресей соғыс басталғалы алғаш рет ең ірі зымыранмен соққы жасады, ал 10 қыркүйекте жағдай одан әрі ушықты. Польша әуе кеңістігіне ресейлік дрон кіріп, НАТО құрамындағы елге басып кірді.

Бұл шабуыл Мәскеу өзі үшін соғыстың жаңа деңгейін бастағанын айқындайды. Сондай-ақ өткен аптадағы Путиннің сөздеріне қарағанда, бұл Кремльдің пропаганда науқанының бір бөлігі.

15 тамыздағы саммиттен кейін Украина тақырыбына көп тоқталмаған Путин өткен аптада Қытай мен Қиыр Шығысқа сапары барысында көпшілік алдына шығып, бірнеше сағатқа созылған мәлімдеме жасады. Әуе шабуылын тоқтатпаған Ресей мұнысымен соғыстың нүктесін өзі қоймақ.

NYT басылымы жазғандай, Путин Ресейдің әскери басымдығына сеніммен қарайды. Сарапшылардың айтуына қарағанда, Путиннің мақсаты Украина бекер қарсылық танытып отырғанын дәлелдеу.

Бейжіңде сөйлеген сөзінде Путин украина әскерінің резервісі таусылып бара жатқанын айтты. Оның айтуына қарағанда, Украина армиясының жауынгер бөлімдері небәрі 47–48%-ға ғана жасақталған. Бұл ел үшін сын сағаттың келгеніне дәлел.

Путин еуропалық елдерге де қарсы ойын білдіріп жатыр. Ол Бейжіңде өткен баспасөз жиынында Украинаға қолдау көрсетіп отырған Еуропа елдерін сынаған еді.

Ал екі күннен кейін Владивостокта сөйлеген сөзінде: «егер қазір, соғыс жүріп жатқанда, Батыс әскері Украинаға көмекке келсе, біз оларды жоюға мәжбүр боламыз» деді. НАТО әскерінің Украинада болуы Ресейдің соғыс бастауына себеп болған «негізгі фактор» екенін қайталады. Путин енді қадам АҚШ пен Украинаның тарапынан жасалуы керек екенін алға тартты.

Осыған қарамастан Путин Трампқа деген ілтипатын жасырмайды, оны Мәскеу шарттарына сәйкес бейбіт келісімге қол жеткізуде негізгі тұлға санайды. Алайда Путин де Трамп жасаған мәлімдемеге келісіп бейбіт келісімге келу ойы жоқ, Трамп та Ресейге салынатын баж салығын арттырмаса, азайтуды ойламайды.

Материалды дайындаған: Мөлдір Түктібай