Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды құттықтады
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды «Азаматтық келісім» партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады.
Халықаралық бақылаушылардың алдын ала мәліметі бойынша, сайлау елдің қолданыстағы заңнамасына сай, ашық өтіп, азаматтарға еркін таңдау жасауға мүмкіндік берілген.
Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянға Арменияның ұзақмерзімді ұлттық мүддесін қорғауда табысқа жете беруін тіледі.
Президент Қазақстан мен Армения арасындағы достастық қатынастар барлық салада өзара мүддеге сай белсенді түрде жалғасатынын атап өтті.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы армян халқына мемлекеттілікті дамытуда сәттілік, бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.