«Infinite Chess Cup 2026»: астаналық шахматшылар үздіктер қатарынан көрінді
Астанада ерік-жігерді, зейінді және стратегиялық ойлауды қажет ететін ерекше жарыс – «Infinite Chess Cup 2026»инклюзивті шахмат турнирі сәтті аяқталды.

Фото: Gov.kz
Турнирге тірек-қимыл аппараты, көру және есту қабілеті шектеулі шахматшылар қатысып, өзара мықтыны анықтады. Байрақты бәсекеде 50-ге жуық спортшы бақ сынады.
Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Елорда» спорт клубының шахматшылары үздіктер қатарынан көрінді. Атап айтқанда:
- Райымбек Асқарұлы – алтын медаль иегері;
- Сұлтан Кожахметов – 2-орын;
- Арман Абданбеков – қола медаль.

Фото: Gov.kz
Сонымен қатар, турнир аясында арнайы номинациялар бойынша клуб спортшылары марапатталды:
- Майраш Тоқыбаева – «Ең тәжірибелі қатысушы»;
- Любовь Ермишкина – «Турнир үміті».

Фото: Gov.kz
Клубтың өзге де спортшылары тартысты ойын өрнегін көрсетті және жүлделі орындарға жақын нәтижелерге қол жеткізді:
- Камалидин Оспанов – 6-орын;
- Бақтияр Ахметов – 7-орын;
- Алиас Шайымов – 10-орын.
Айта кетейік, жарыс қорытындылары халықаралық FIDE рейтингіне есептеледі.