Астаналық гимнаст Ақмарал Ерекешева Испаниядағы клубтық чемпионатта екі қола медальға ие болды.

Фото: Gov.kz

Овьедо қаласында көркем гимнастикадан ұлттық клубтық жарыстардың ірі кезеңі – Liga Iberdrola II фазасы, сондай-ақ мектеп оқушылары арасындағы Испания чемпионаты (CESA) өтті. Ауқымды жарыстар Palacio de los Deportes аренасында ұйымдастырылды.

Турнирге 14 елден келген мықты спортшылар, оның ішінде халықаралық деңгейдегі гимнастшылар қатысты. Қазақстанның атынан халықаралық аренада Ақмарал Ерекешева лайықты өнер көрсетіп, лента және шығыршық жаттығулары бойынша екі қола медаль жеңіп алды.

Спортшының жетістігіне жаттықтырушы Меруерт Балғынбаева мен хореограф Саая Айдыс өз үлесін қосты.