Астанада 18–19 қыркүйек күндері Дэвис кубогының екінші Әлемдік тобы аясында Қазақстан мен Тайланд ерлер құрамалары кездеседі. 

Матчтар Ұлттық теннис орталығының «Beeline Arena» кешеніндегі хард корттарда өтеді. Ал жеңімпаз командалық әлем чемпионатының бірінші әлемдік тобында өнер көрсету құқығына ие болады.

Дэвис кубогының қазіргі рейтингі бойынша Қазақстан құрамасы 42-орында, ал Тайланд командасы 60-орында тұр.

Екі күнге жоспарланған бәсеке бағдарламасында бес матч өтеді, оның төртеуі – жекелей, ал біреуі – жұптық кездесу.

Алғашқы ойын 18 қыркүйекте өтеді, матчтар Қазақстан уақытымен сағат 13:00-де басталады. 19 қыркүйекте кездесулер сағат 12:00-де басталады.

Алдағы матчтарға билеттер сатылымға шықты. Қазақстан мен Тайланд құрамаларының алдағы кездесулерге қатысатын құрамы кейінірек жарияланады.