Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Антониу Жозе Мартинш Сегуру мен Португалия халқына осы елдің ұлттық мерекесі – Португалия күнімен құттықтау жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы мереке қарсаңында Португалияның 2027-2028 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануының аталған елдің жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтудағы маңызды рөліне берілген зор құрмет пен жоғары халықаралық сенімнің көрінісі екенін атап өтті.

«Сан қырлы байланыс халықтарымыздың игілігі үшін беки түсетініне сенім білдіремін», – деді Президент. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Португалия Президентінің жауапты қызметіне табыс, ал халқына өркендеу мен құт-береке тілегін жеткізді.