Астанада 9–16 шілде аралығында Сығанақ көшесінің Қабанбай батыр даңғылынан Арыс көпіріне (М-3) дейінгі учаскесінде жол жабынының үстіңгі қабатын төсеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Аталған учаске кезең-кезеңімен жабылатын болады. Осыған орай көлік қозғалысы жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жүру бағытын алдын ала жоспарлап, ықтимал өзгерістерді ескеру ұсынылады.