Астанада Әнет баба мен ЕК-26 көшелерінің қиылысында қозғалыс уақытша тоқтатылады
Фото: Gov.kz
Астанада Әнет баба мен ЕК-26 көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы уақытша жабылады.
Қаладағы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы аталған аумақта инженерлік желілерді салу жұмыстарын жүргізеді.
Осыған байланысты 20 қыркүйек пен 5 қазан аралығында Әнет баба және ЕК-26 көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы толықтай тоқтатылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден жүру бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша өзгерістерді ескеру сұралады.