Астанада EuroFest 2026 фестивалі өтті
Фото: Астана қаласының әкімдігі
Астанадағы Ғашықтар саябағында Еуропа күніне арналған EuroFest 2026 фестивалі өтті. Қонақтар еуропалық мәдениетпен танысып, әр елдің дәстүрі, музыкасы мен ұлттық тағамдарын татып көрді.
Фестивальде интерактивті алаңдар, жанды музыка, балаларға арналған ойын-сауық пен шығармашылық сабақтар ұйымдастырылды. Германия стенді ерекше қызығушылық тудырды: қонақтар футбол ойнап, түрлі шараларға қатысты.

Фото: Астана қаласының әкімдігі
Фестивальдің тағы бір мақсаты — қайырымдылық: жиналған қаражат жергілікті ұйымдарды қолдауға бағытталды.
Сондай-ақ, экологиялық тақырыпқа арналған интерактивті ойындар өткізілді, қатысушылар қоршаған ортаны қорғау мен орнықты даму қағидаттары туралы мәлімет алды.
Балалы отбасылар үшін арнайы алаңдар әзірленіп, балалар ертегі кейіпкерлерімен би билеп, шығармашылық шеберханаларға қатысты.

Фото: Астана қаласының әкімдігі
Астаналық Марина Вельченко:
«Барлығы өте қызықты әрі танымды болды, балаларға арналған іс-шаралар ерекше ұнады» — деп бөлісті.
Фестиваль концерттік бағдарламамен қорытындыланды.