Астанада Алаш тасжолының жөндеу жұмысының мерзімі ұзартылды
Астанада Алаш тасжолының жөндеу жұмысының мерзімі ауа райына және өндірістік қажеттілікке байланысты 10 қыркүйекке дейін ұзартылды.
Айта кетерлігі, Астанада Алаш тасжолында салмақ өлшеу датчиктеріне арналған бетон жабындысын орнату жұмысы жүргізілуде. Жұмыс учаскесінің ұзындығы – 400 метр.
Бұл ретте көлік қозғалысы қарсы бағыттағы жолақтар арқылы ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жүру бағытын алдын ала жоспарлап, ықтимал өзгерістерді ескеру қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.