Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды. Білім берудегі аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін бір топ педагог мемлекеттік наградаларға ие болды.

«Парасат» орденімен «Математика және математикалық модельдеу институты» РМК бас ғылыми қызметкері Мұхтарбай Өтелбаев (Алматы қаласы) марапатталды.

«Құрмет» орденімен екі педагог наградталды: Орал қаласындағы № 3 «Зерде» бөбекжайының тәрбиешісі Зуря Айтқұлқызы Урнгалиева және Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданындағы «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» мұғалімі Марина Георгиевна Шерстобитова.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен тоғыз педагог марапатталды:
Гүлбаршын Александровна Амерқанова – Павлодар облысы Екібастұз қаласындағы № 5 жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі;
Ақмарал Дүйсебекқызы Ахметова – Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы № 2 жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі;
Балмия Тұрабекқызы Әлибаева – Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы № 24 мектеп-лицейдің мұғалімі;
Сәкен Әбдіманатұлы Далмырзаев – Түркістан облысы Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп-интернатының мұғалімі;
Мереке Лесқұлқызы Кенжебекова – Жамбыл облысы Шу ауданындағы Сәкен Сейфуллин атындағы шағын орталықты орта мектептің мұғалімі;
Андрей Иванович Коровин – Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы жоғары аграрлық-технологиялық колледждің өндірістік оқыту шебері;
Гүлмира Көлбайқызы Нұрпейісова – Абай облысы Мақаншы ауданындағы «Жарбұлақ орта мектебінің» мұғалімі;
Мақсат Қасымұлы Төлегенов – Астана қаласындағы дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының мұғалімі;
Айнагүл Әбішқызы Уәлибаева – Жетісу облысы Кербұлақ ауданындағы «Нұрым мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектептің» мұғалімі.

«Шапағат» медалімен үш педагог наградталды:
Ирина Михайловна Герасева – Қостанай облысындағы А. М. Горький атындағы гимназияның мұғалімі;
Ақерке Ермекқызы Ляшова – Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы «Балауса-Балғын» бөбекжайының тәрбиешісі;
Жанна Қонысбекқызы Мырзабекова – Ұлытау облысы Ұлытау ауданындағы № 1 тірек мектебінің (ресурстық орталық) мұғалімі.

«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы бес педагогке берілді:
Тамара Жеткербайқызы Ещанова – Алматы облысындағы А. Мәлкеев атындағы Есік мамандандырылған дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының мұғалімі;
Жанар Бейбітқызы Жұмахметова – Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданындағы Комсомол жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі;
Қайрат Төлегенұлы Исмаилов – Қарағанды қаласындағы «Ақпараттық технологиялар» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының мұғалімі;
Гүлнар Төленқызы Ноғайбаева – Шымкент қаласындағы А. С. Пушкин атындағы № 1 мектеп-гимназияның мұғалімі;
Айгүл Амангелдіқызы Шілдебаева – Қызылорда облысы Жалағаш ауданындағы Әл-Фараби атындағы № 201 мектеп-лицейдің мұғалімі.