Астанада 16–24 маусым аралығында А. Бараев көшесінің Республика даңғылынан Ш. Уәлиханов көшесіне дейінгі бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жөндеу жұмыстары кезінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Қозғалыс екі бағытта, жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өз бағыттарын алдын ала жоспарлап, ықтимал өзгерістерді ескеру ұсынылады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.