Астанада 27 және 28 маусым күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жәрмеңкеде еліміздің түрлі өңірлерінен келген жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс, жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдерін, нан-тоқаш, табиғи шырындар, тосап, джем және басқа да азық-түлік түрлерін тиімді бағамен сатып ала алады.

Іс-шара 27-28 маусым күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Алаш тас жолы, 35Б мекенжайындағы «Keryen Joly» сауда орталығында өтеді.

Келушілердің ыңғайы үшін жәрмеңке өтетін орынға №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 автобус маршруттары қатынайды.