Астана туралы үздік материалдарға арналған журналистер байқауы жалғасуда
Астанада БАҚ қызметкерлері күні мен Астана күніне орай елорда дамуы туралы үздік жарияланымдар, репортаждар мен сюжеттерге арналған дәстүрлі журналистер байқауы жалғасып жатыр. Байқауды Астана қаласының Ішкі саясат басқармасының қолдауымен Қалалық коммуникациялар қызметі ұйымдастырады, оған Қазақстанның барлық журналисі қатыса алады.
Байқауға Астана туралы мемлекеттік және орыс тілдерінде 2025 жылғы 1 маусым мен 2026 жылғы 16 маусым аралығында жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар қабылданады. Әр қатысушы бір ғана материалды және тек бір номинация бойынша ұсына алады.
Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
- «Үздік журналист-талдаушы» – Астананың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына арналған сараптамалық материалдар;
- «Үздік шолушы» – интернет-басылымдардағы әлеуметтік-экономикалық материалдар, заңдылық, қоғамдық тәртіп, вандализм, нашақорлық, лудомания және қалалық өзге мәселелер;
- «Үздік радиорепортаж» – Астана туралы радиоматериалдар;
- «Үздік телевизиялық сюжет» – урбанистика, қоғамдық тәртіп, қалалық өмірдегі мәселелер, вандализм, нашақорлық және лудомания;
- «Үздік мобилограф» – мобильді құрылғылар арқылы түсірілген мегаполис өмірі бейнероликтері;
- «Аэрофото және ұшқышсыз ұшу аппаратын пайдаланып түсірілген үздік бейнешолу» – қала сәулеті, инфрақұрылым, қоғамдық кеңістік пен тіршілік тынысын көрсету;
- «Жасанды интеллект көмегімен әзірленген үздік видео» – қалалық даму, сәулет, әлеуметтік бастамалар және қоғамдық орта;
- «Үздік фоторепортаж» – қаланың заманауи келбеті, қарқынды дамуы, мәдени іс-шаралар, абаттандырылған аудандар мен urban-мәдениет;
- Әлеуметтік желілердегі үздік материал – Facebook, Instagram, TikTok платформаларындағы танымал парақшалар мен топтар.
Жеңімпаздарды қалалық журналистер, медиа-сарапшылар және сала өкілдерінен құралған комиссия анықтайды. Үздік жұмыстар ақшалай сертификаттармен марапатталады: бірінші орын – 1 миллион теңге, екінші орын – 700 мың теңге, үшінші орын – 500 мың теңге.
Өтінімдер 2026 жылғы 16 маусымға дейін baq.baikauy@gmail.com электрондық поштасы арқылы қабылданады. Қосымша ақпаратты 8 778 603 90 94 телефоны арқылы алуға болады.