Адель Садақбаева Азия ойындарында стенд атудан күміс жүлде алды
Фото: Gov.kz
Елордалық спортшы Адель Садақбаева Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы сапында стенд атудан күміс медаль жеңіп алды.
Әйелдер арасындағы стенд атудың «скит» бағдарламасы бойынша командалық жарыстар аяқталды.

Фото: Gov.kz
Біліктілік кезеңінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 274 ұпай жинап, күміс жүлдеге ие болды.
Ұлттық құрама сапында елордалық спортшы Адель Садақбаева, сондай-ақ Әсем Орынбай мен Зоя Пискун өнер көрсетті.
Бірінші орынды 287 ұпай жинаған Қытай құрамасы иеленді. Ал Үндістан командасы 266 ұпаймен қола жүлдегер атанды.
Осылайша, Адель Садақбаева Қазақстан құрамасы сапында XX жазғы Азия ойындарының күміс медалін жеңіп алды.