Астанадағы Qazaq Creative Hub алаңында Atyrau Creative Days – Атырау облысының креативті жәрмеңкесі өтті.

Іс-шара Атырау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтті. Екі күндік жәрмеңкеде өңірден келген 20-ға жуық шебер өз жұмыстарын Астана тұрғындары мен қонақтарына ұсынды.

Фото: Gov.kz

Фото: Gov.kz

Фото: Gov.kz

Жәрмеңкенің ашылуына Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов қатысып, өңірдің шығармашылық индустрия өкілдерінің жұмыстарымен танысты.

Вице-министр жәрмеңкеде ұсынылған қолөнер бұйымдарын, дизайнерлік жұмыстарды және авторлық жобаларды аралап көріп, атыраулық креаторлардың еңбегіне назар аударды.

Atyrau Creative Days бағдарламасы тек жәрмеңкемен шектелген жоқ. Екі күн ішінде көрме, сән көрсетілімі, театрландырылған қойылым, 3D технологияларға арналған жобалар және Creative Talks форматындағы кездесулер ұйымдастырылды.

Creative Talks алаңында креативті индустрияның қазіргі бағыттары, жаңа идеялар және шығармашылық кәсіптің мүмкіндіктері талқыланды.

Мұндай кездесулер сала өкілдерінің тәжірибе алмасуына, шығармашылық байланыстар орнатуына және өңірлік креативті жобаларды кең аудиторияға таныстыруына мүмкіндік береді.