Тоқаев БРИКС саммитінде бірқатар делегация басшыларымен жүздесті
Фото: akorda.kz
Нью-Делиде өтіп жатқан БРИКС саммиті аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар елдің және халықаралық ұйымдардың делегация басшыларымен жүздесті.
Президент Ресей Президенті Владимир Путинмен, Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагиммен, Вьетнам Премьер-министрі Ле Минь Хынгпен және Бурунди Президенті Эварист Ндайишимийемен қысқаша әңгімелесті.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесуспен, Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Нгози Оконджо-Ивеаламен және Таиланд Премьер-министрінің орынбасары Сихасак Пуангкеткеомен кездесті.
Кездесулер барысында түрлі саладағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды.
Сонымен қатар тараптар халықаралық құрылымдар аясындағы ықпалдастық мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz