Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Фото: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтап, бауырлас өзбек халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.
Сонымен қатар Шавкат Мирзиёевтің парасатты басшылығының арқасында Өзбекстан әлеуметтік-экономикалық даму мен халықаралық беделін арттыруда мол табысқа қол жеткізіп, кешенді реформалар арқылы сенімді түрде ілгерілеп келе жатқанына назар аударды.
Мемлекет басшысы Өзбекстан көшбасшысының екі ел арасындағы достық және тату көршілік рухындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қарым-қатынасты нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын атап өтті.
Тараптар бүгінде қазақ-өзбек ынтымақтастығының қарқынды екенін атап өтіп, сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланысты тереңдету келешегін талқылады.
Президенттер өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы кездесулер кестесін қарады.