Астанада «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жол қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыс жалғасуда. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты қалалық прокуратураға сілтеме жасай отырып хабарлады.

Жаз басталғалы бері қалада мотоцикл жүргізушілерінің тыныштықты бұзуының 123 дерегі тіркелген.

Құқық бұзушылықтарды анықтау жұмыстары тұрақты негізде жүргізіліп келеді.

Сондай-ақ жолдың жүру бөлігін кесіп өту ережесін бұзғаны үшін 19 мыңнан аса жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қала тұрғындары жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауы қажет.

Құқық бұзушылықтың әрбір дерегі қала прокуратурасының бақылауында.