Астанада Сығанақ көшесі жөндеу жұмыстарына байланысты ішінара жабылады
Фото: Gov.kz
Астанада 9–16 шілде аралығында Сығанақ көшесінің Қабанбай батыр даңғылынан Арыс көпіріне (М-3) дейінгі учаскесінде жол жабынының үстіңгі қабатын төсеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Аталған учаске кезең-кезеңімен жабылатын болады. Осыған орай көлік қозғалысы жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жүру бағытын алдын ала жоспарлап, ықтимал өзгерістерді ескеру ұсынылады.