Жол қайтсек қауіпсіз болады?
Бәрі асығады.
Бірақ жол… асығыстықты кешірмейді.
Жаяу жүргінші жолағы белгіленбеген жерден жолды кесіп өтетіндер көп. Бір қарағанда – ұсақ нәрсе. Ал заң бойынша бұл – тәртіп бұзу. Құны – 43 250 теңге. Немесе адамның өмірі.
Бір хабарлама…
Бір секунд… Бұл бір өмірге жететін қателікке ұрындыруы мүмкін. Көлікпен жүйткіп келе жатып, телефон қарасаңыз – ең кемі 21 625 теңге айыппұл арқалайсыз. Бір жылға жетпей тағы қайталасаңыз – 43 250 теңге.
Қауіпсіздік белдігін тақпасаңыз да дәл солай. Бес айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұл өзімдікі дей беріңіз. Белдік – жәй ғана талап емес. Бұл – үйге аман оралудың кепілі.
Ал, рөлде келе жатып, жаяу жүргіншіге жол бермесеңіз – 43 250 теңгелік айыппұл иеленесіз. Бір жыл ішінде қайталасаңыз – 64 875 теңгелік артық шығынға ұшырайсыз.
Шындығында, айыппұл – жазаның ең жеңіл түрі. Ал ең ауыры – адам өміріне төнген қауіп пен орны толмас өкініш болуы мүмкін.
Жол ережесі – ақша үшін жазылған заң емес. Адам аман қалуы үшін жазылған тәртіп. Және ол бәрінен қымбат.
Ереже сақталған жерде – өмір жалғасады.