Тоқаев Тони Блэрмен Қазақстандағы реформаларды жүзеге асыру мәселесін талқылады
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жаһандық өзгерістер институтының атқарушы төрағасы Тони Блэрмен кездесті.
Кездесу барысында Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды реформаларды іске асыру мәселелері, сондай-ақ елді саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан жаңғыртудың негізгі бағыттары талқыланды.
Президент мемлекеттік институттарды одан әрі дамыту, басқару тиімділігін арттыру және халықтың тұрмыс сапасын жақсарту бағытында қолға алынған қазіргі өзгерістер туралы айтты.

Фото: akorda.kz