Астана қаласының білім беру ұйымдарында 2025–2026 оқу жылының түлектеріне аттестат тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жалпы оқу жылының қорытындысы бойынша елорда мектептерінде 314 964 оқушы білім алған. Оның ішінде мемлекеттік мектептерде – 260 418, жекеменшік мектептерде – 47 760, ал республикалық мектептерде – 6 786 оқушы оқыды.

Фото: Gov.kz

Биыл Астанада 16 мыңнан астам түлек мектеп бітіру аттестатын алды. Олардың ішінде 1 202 оқушы үздік аттестат иегері атанса, 650 түлек «Алтын белгі» иегері атанды.

Фото: Gov.kz

Мектеп бітіру кештерін ұйымдастыруда да жауапкершілік пен үнемшілдікке ерекше мән берілді. Қала мектептерінің 70 пайыздан астамында ата-аналар мен түлектер салтанатты кештерді мейрамханаларда өткізуден бас тартып, қаражатты тиімді пайдалануды таңдаған.

Айта кетейік, аттестат табыстау рәсімдері барлық мектепте мерекелік әрі салтанатты түрде өтті. Ұстаздар мен ата-аналар түлектерге ақ жол тілеп, олардың болашақта ел дамуына үлес қосатын білікті маман болып қалыптасуына сенім білдірді.