9 маусымда Венгрияның Дебрецен қаласындағы «Надьердеи» стадионында Венгрия мен Қазақстан ұлттық құрамалары арасында жолдастық кездесу өтеді. Матч Қазақстан уақыты бойынша 22:00-де басталады.

Қазақстан құрамасының қақпашылары қатарында: Темірлан Анарбеков (Қайрат), Александр Заруцкий (Ақтөбе), Бекхан Шайзада (Ордабасы).

Қорғаушылар сапында Нұралы Әліп (Зенит, Ресей), Александр Мрынский, Еркін Тапалов (екеуі де Қайрат), Ян Вороговский, Әлібек Қасым (екеуі де Астана), Сергей Малый (Ордабасы), Арсен Әшірбек (Елімай), Санжар Сатанов (Атырау), Сағи Совет (Қайсар) бар.

Жартылай қорғаушылар қатарында: Рамазан Оразов (Елімай), Жасұлан Әмір (Ордабасы), Исламбек Қуат (Жеңіс), Дінмұхамед Қараман (Астана), Серікжан Мужиков (Жетісу), Әбинұр Нұрымбет (Оқжетпес).

Шабуылшылар: Дастан Сәтпаев (Қайрат), Ғалымжан Кенжебек пен Максим Самородов (екеуі де Ахмат, Ресей), Ислам Чесноков (Хартс, Шотландия), Роман Муртазаев (Елімай), Мағжан Тоқтыбай (Ордабасы), Мақсат Абраев (Астана).

Айта кетейік, екі құрам тарихта бұған дейін екі рет кездесті. 2014 жылы өткен алғашқы матчта Венгрия 3:0 есебімен жеңіске жеткен, ал 2018 жылғы жолдастық ойында Қазақстан 3:2 есебімен басым түскен.

Қазақстан ұлттық құрамасы 6 маусымда Арменияға қарсы өткізген ойында 1:1 есебімен тең түсті. Сол матчта жалғыз голды Максим Самородов соқты.