Астанада бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша «Парыз» ұлттық байқауы старт алды. Жоба жекеменшік кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған.

Байқау номинациялары:
Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын – қызметкерлерді қолдау, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың әлеуметтік бейімделуіне және қоғамның әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыратын үміткерлер бағаланады, оның ішінде еңбекақы төлеу, кадрларды кәсіби даярлау, мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмыспен қамту және басқа да шаралар.

Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын – қызметкерлердің еңбек қызметі барысында денсаулығын қорғауға арналған жағдайларды қалыптастыратын үміткерлердің жұмысы қарастырылады.

Үздік ұжымдық шарт – Қазақстан заңнамасында көзделген қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын жақсартатын, нығайтатын ұжымдық шарттар бағаланады.

Экологияға қосқан үлесі үшін – қоршаған ортаны қорғауға, қалдықтарды қайта өңдеуге және кәдеге жаратуға бағытталған жобалар мен іс-шараларда ерекше үлес қосқан үміткерлер марапатталады.

Сонымен қатар, байқау аясында «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығы қарастырылған.

Өтінімдер 1 шілдеге дейін қабылданады. Қатысушылар құжаттарын hr.enbek.kz порталы арқылы немесе қағаз және электрондық нұсқада Бейбітшілік көшесі, 9, 220-кабинет мекенжайына тапсыра алады.

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс нөмірлері:
Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы: 55-68-34, 55-68-05, 55-68-11
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаменті: 57-49-38, 57-49-35, 57-49-36
Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы: 55-75-74, 55-75-81