Отандық фильмдер прокатқа шығарар алдында арнайы сараптамадан өтуі тиіс. Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева тиісті бұйрыққа қол қойды.

Жаңа талаптар 12 маусымнан бастап күшіне енеді. Ережеге сәйкес, прокат куәлігін алу үшін фильмнің құқық иелері уәкілетті органға кинотеатрда көрсетілетін нұсқасын ұсынуы қажет.

Сараптама барысында фильм мазмұнында педофилия элементтері, сондай-ақ зорлық-зомбылық пен қатыгездікті дәріптеу белгілері қаралады.