Президент Иордания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев II Абдалла бен әл-Хусейнді және Иордания халқын Иорданияның төл мерекесі – Корольдің Таққа отырған күнімен құттықтады.
Мемлекет басшысы екі ел арасындағы достық пен өзара қолдау рухындағы көпқырлы ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында қарқынды дамитынына сенім білдірді.
Президент Корольдің жауапты қызметіне толағай табыс, ал Иордания халқына құт-береке тіледі.