Астанада ерік-жігерді, зейінді және стратегиялық ойлауды қажет ететін ерекше жарыс – «Infinite Chess Cup 2026»инклюзивті шахмат турнирі сәтті аяқталды.

Фото: Gov.kz

Турнирге тірек-қимыл аппараты, көру және есту қабілеті шектеулі шахматшылар қатысып, өзара мықтыны анықтады. Байрақты бәсекеде 50-ге жуық спортшы бақ сынады.

Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Елорда» спорт клубының шахматшылары үздіктер қатарынан көрінді. Атап айтқанда:

  • Райымбек Асқарұлы – алтын медаль иегері;
  • Сұлтан Кожахметов – 2-орын;
  • Арман Абданбеков – қола медаль.

Фото: Gov.kz

Сонымен қатар, турнир аясында арнайы номинациялар бойынша клуб спортшылары марапатталды:

  • Майраш Тоқыбаева – «Ең тәжірибелі қатысушы»;
  • Любовь Ермишкина – «Турнир үміті».

Фото: Gov.kz

Клубтың өзге де спортшылары тартысты ойын өрнегін көрсетті және жүлделі орындарға жақын нәтижелерге қол жеткізді:

  • Камалидин Оспанов – 6-орын;
  • Бақтияр Ахметов – 7-орын;
  • Алиас Шайымов – 10-орын.

Айта кетейік, жарыс қорытындылары халықаралық FIDE рейтингіне есептеледі.