ТЖМ бірқатар өңірде төтенше өрт қаупі туындайтынын ескертті
Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді. Бірқатар облыстарда жоғары және төтенше өрт қаупі туралы ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
«Сонымен қатар, елдің батысында ауа температурасының күрт төмендеу ықтималдылығы бар», — делінген хабарламада.
Астанада күн бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +30…+32°C.
Алматыда күн бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай болады, жел 3–8 м/с, екпіні 15 м/с-қа дейін. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +25…+27°C.