Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманды елорда әуежайында қарсы алды.

Еліміздің шекарасына енген сәттен бастап, Астана әуежайына қонғанға дейін Ресей Президентінің бортына Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің ұшақтары қапталда ұшты. Ұшақ трапының алдында Құрмет қарауылы ротасы сап түзеді.

Фото: akorda.kz

Владимир Путин мен ресми делегация мүшелерін екі елдің жалаушаларын ұстаған балалар және Махамбет Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының барабаншылары қарсы алды. Одан кейін Қазақстан мен Ресей туларын желбіреткен тікұшақтар алаң үстімен ұшып өтті.

Әуежай терминалында әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының домбырашылар ансамблі және сырнайшы, халықаралық конкурстардың лауреаты Радмир Хайбуллин Ресей мемлекеті басшысының құрметіне Құрманғазы күйлері мен орыс халық әуендерінен попурри орындады.

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz