Астанада полиция қызметкерлері есірткі заттарын таратты деген күдікпен 18 жастағы тұрғынды ұстады. Тінту барысында оның тұрғылықты жерінен ірі көлемдегі тыйым салынған заттар тәркіленді.

Polisia.kz хабарлауынша:

«Асүй шкафтарынан электронды таразылар мен есірткіні қаптауға арналған құралдар табылды. Сондай-ақ, балмұздақ шәрбатының бос бөтелкесінен өзіне тән иісі бар сары түсті сұйық зат анықталып, сараптама оның каннабис шайыры екенін көрсетті».

Бұдан бөлек, гашиш майы құйылған екі ыдыс және түрлі түсті изолентамен оралған түйіншектері бар пластик контейнерлер тәркіленді. Оның ішінде өсімдік тектес есірткі заттары болған, жалпы саны шамамен 500 түйіншек гашишке жеткен. Тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы бір келіден асқан.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция ескертеді:

«Есірткі заттарының заңсыз айналымы қоғамға зор қауіп төндіреді. Мұндай фактілер туралы 102 арнасына хабарлауды сұраймыз».