Павлодар облысында жер сілкінді
Фото: istock
2026 жылғы 26 мамырда, Астана уақытымен сағат 11:28-де ҚР ТЖМ «СБЗҰҒО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 855 шақырым жерде, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы аумағында орналасқан.
Эпицентрдің координаттары: 50.47° солтүстік ендік, 76.47° шығыс бойлық. Тереңдігі – 30 шақырым. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.7.
Сейсмикалық толқындар Баянауыл ауылында 2 балл деңгейінде сезілді.